Бүгін Перинаталдық орталықта облыстық деңгейде бекітілген «Найза – Антитеррор 2025» іс-шаралар жоспары аясында «ҚАРА КОД» стандартты операциялық процедурасы бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

Жаттығуға мекеменің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – әкімшілік-басқару құрамынан бастап, медициналық және техникалық персоналға дейін қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты – ғимаратты жарылғыш затпен қорқыту қаупі туындаған жағдайда персоналдың әрекет ету алгоритмін пысықтау. Ерекше назар жедел хабарлау, қауіпсіз эвакуациялау және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасауға аударылды.

Жаттығу қорытындысы бойынша қызметкерлер төтенше жағдай кезінде жоғары дайындық пен нақты іс-әрекет көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар медициналық мекемелердегі қауіпсіздікті арттырып, науқастар мен қызметкерлердің өмірін қорғауға бағытталған.