ҰРАНЫ:

«Ертең Сіз әлемге өмір сыйлауыңыз үшін БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚ бүгін Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасайды!»

 

БОЛАШАҒЫ:

1. Аурухананы басқарудың халықаралық стандарттарын және инновациялық медициналық технологияларды енгізу арқылы ана мен бала саласында көшбасшылық ұстанымдарға ие болу.

2. Қолжетімділікті және экономикалық табыстылықты бір уақытта арттырумен қатар сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және тиімді жүйесін қалыптастыру.

3. Жетекшілік міндетті атқара отыра Қазақстан Батыс өңірінің мамандарының білімдерін жетілдіру және зерттеу орталығын құру.

 

ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

1. Дәрігерлік міндетін адал атқара отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтауға, нығайтуға және емдеуге қалтқысыз қызмет ету.

2. Дәрігерлік құпияны (құпиялылықты) сақтау.

3. Өзінің міндеттерін шынайы, әрі сапалы орындау.

4. Пациенттерге жоғары кәсіби біліктілік көзқараспен қарау.

5. Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу.

6. Ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпау.

7. Қазақстан медицинасының игі дәстүрлері мен жетістіктерін арттыру және дамыту.

 

МАҚСАТЫ:

Қауіпсіз жүктілік, қалыпты жағдайда босану, дені сау баланы туу, пренаталдық кезеңде басқарылатын факторларды алдын - ала болжау және олардың қауіптілігін төмендету.