Құрметті әріптестер! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні – жақсылықтың, жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың бастауы. Бүгінгі көктемнің шуағы мен Наурыздың нұры әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен тыныштық әкелсін!

Бұл мейрам – тек табиғаттың ғана емес, адамдардың да жүрегін жылытатын, мейірім мен бірлікті арттыратын ерекше мереке. Бабаларымыздан қалған осынау дәстүрді жалғастырып, бүгінгі ұрпаққа аманат ету – баршамыздың міндетіміз.

Көктемнің көркі – Наурыз мерекесінде дастархандарыңыз берекелі, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілейміз! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!