Бүгін «Облыстық перинаталдық орталықта» медициналық қызметкерлерді қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша оқыту өтті.


Іс-шара барысында заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер тек өзекті өзгерістерден хабардар болуға ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің өз құқықтарының қорғалатынына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!