2024 жылғы 3 желтоқсанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған қатысты: директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Алдешов А.Ж. , және бас есепші Байсеуова И.И. менеджмент жүйесінің басшысы Алмагамбетова А.К., есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері, персоналды басқару қызметі.
Комплаенс офицер Жұмабаева Р.Х. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында презентация дайындады.
Директордың орынбасары Алдешов А.Ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру өте маңызды – бұл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі екенін атап өтті.