2022жылдың 09 тамыз күні "Күншуақ" балабақшасында емхана психологтары мектепалды даярлық тобымен "Жол жүру ережелерін ұмытпа және есіңде сақтап жүр"тақырыбында психологиялық тренинг сабақ жүргізді.
🎯 Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
🌳 Дамытушылық:
1.Зейінін,есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
2.Көру арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
📚 Тренинг сабақ басында балалармен психологиялық сергіту сәті ұйымдастырылды.Балалар тренинг сабаққа белсене араласып, қызығушылық танытып тапсырмаларға жауапкершілікпен қатысты.
https://aktobe-opc.kz/ru/news/654-zhol-zh-ru-erezhelerin-mytpa-zh-ne-esi-de-sa-tap-zh-r.html#sigFreeId84b88a721c