Республика күніне орай АқтөбеОблыстық перинаталдық орталығында Госпитальды Фармация бөлімі ашылды. Госпитальды Фармация бөлімі жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі болып табылады. Бұл бөлім пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін цифрландыруға, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің дербес есебін қамтамасыз етуге, медициналық көмектің сапасын арттыруға және дәрі-дәрмек құнын оңтайландыруға арналған.

Жобаның бірқатар негізгі артықшылықтары бар:

Көмек көрсету сапасын арттыру: Госпитальды Фармация бөлімі дәрілік заттардың сапасы мен сақтау шарттарын, медициналық ұйымның клиникалық және параклиникалық бөлімшелеріне дәрілік заттардың сапалы және уақытылы дайындалуын, орауын және жеткізілуін қатаң бақылауды жүзеге асыру арқылы дәрігерлердің тағайындауларын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді.

Әр науқасқа жеке көзқарас: Орталық дәрігерлері клиникалық фармакологпен бірлесіп, әр пациентке оның жасын, салмағын, қарсы көрсетілімдерін, тәуліктік дозасын және басқа да факторларды ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды, бұл емдеудің тиімдірек болуына ықпал етеді.

Тыңғылықты анализ: Жоба барлық дәрігерлердің тағайындауларын талдауға мүмкіндік береді, дәрілік заттардың бірыңғай есебін, сонымен қатар адам ресурстарын ұтымды пайдалануды және медициналық қызметкерлерді үздіксіз оқытуды қамтамасыз етеді.

Бұл жоба орталықтың медициналық көмекті үздіксіз дамытуға және жақсартуға деген ұмтылысын растайды.