Республика күніне орай
Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының ұжымы 24 қазан күнгі жұмысын ерекше көтеріңкі көңіл күймен бастады. Орталықтың түнгі ауысымнан шыққан және күндізгі жұмысқа кірісетін маман-қызметкерлер тобы тәңертеңгі сағат 8-де еліміздің ән ұранын қосыла шырқады. Бұдан соң үлкен еңбек ұжымы ұйымдасқан түрде «Менің-Қазақстаным!» ұранымен флешмоб жасап, облыс тұрғындарына ерекше құттықтау жолдады. Осылайша, республика күні перинаталдық орталығының дәрігер, мейірбике, қызметкер... мамандар тобы осы бейне көріністі дрон арқылы түсіріп, ерекше естелік, мерекелік шараны өз пациенттеріне, облыс тұрғындарына құттықтау ретінде тарту етті.
Ел іргесі бүтін, халық тыныш, ұлт бақуатты, ұрпақ саналы болсын, ағайын!