Соңғы жылдары әйел адамның жақын адамының көзінше босану яғни босануға көмектесу немесе әріптестік босану дәстүрге айнала бастады. Әріптестік босануға алдымен қойылатын талап: әйел босану кезінде бірге болуына әйелі мен күйеуінің келісімі болуы. Босанатын жер – ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын ашып алатын жер емес, сондықтан да «Құрбым босанғанда күйеуі қасында болған, өйткені ол әйелін қатты сүйеді» немес «Барам дедім бе – барам» деген сияқты уәж бірлесе туу үшін бір шешімге келуге себеп емес. Екіншіден. Күйеуінің босану кезінде жай көрермен ретінде емес, белсенді көмектескені дұрыс, өйткені жанында жанашар адамының болғаны толғақ қысып жатқан әйелге күш-қуат береді. Үшіншіден. Әріптестік босануға алдын ала дайындалған дұрыс. Әріптес арнайы кітаптар мен журналдардағы мақалаларды оқып дайындалуына болады, ал ең дұрысы – босануға көмектесудің арнайы мектебінен сабақ алғаны дұрыс. ӘРІПТЕС БОСАНУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК БЕРЕ АЛАДЫ Аурухана төсегіне таңылған кез келген адамның бойында мазасыздық болатыны белгілі. Сондықтан да әріптестің мақсаты – ақ халаттар мен аппақ қабырғалардың бойға үрей ұялататын әсерінен әйел адамды қорғай білу. Екіншіден, әріптес медицина қызметкерлері мен болашақ ананың арасында мәмілегер қызметін атқарып, кейбір түсініспеушіліктен ананы қорғай білу міндетін өз мойынына алуы тиіс. Үшіншіден, табиғи түрде ауруды жеңілдету әдістерін жақын адаммен бірге таңдаған жөн. ӘРІПТЕСТІҢ ТОЛҒАТУ ЖӘНЕ БОСАНУ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛЫ

- әйеліне денесін бос ұстау туралы көмегі: «ішіңді, бетіңді, қолдарыңды сірестірмей бос ұста».
- босанушы әйелмен бірге тыныстау. Толғақтың қысуына қарай демалып үйрену, егерде әйелі ырсылдап демала бастаса, немесе демін ішіне тартып алса, дұрыс ырғақпен демалуына көмектесу.
- ауруды басатын және ұшығына массаж жасау. Егерде босанып жатқан әйелдің іші ауыра бастаса, демалатын жердің шеміршегіне басып қарынын сылап-сипап отыру керек.
- егерде толғақ кезінде арқасы құрысып қалса, жатырдың тұсын сылап-сипап, бұлшық еттерін босатып, құрсақты сәл ғана басып көру керек.

- ыңғайлы жатуға көмектесу. Босануға ыңғайлы қалыпқа келуге  қажетті заттар (доптар, үлкенді-кішілі көпшіктер, аласа, биік орындықтар т. б.)  кезкелген босану үйлерінде бола бермейтіндіктен бұл заттардың орынын әріптес  толтыруы тиіс.

- ана мен баланың көңілін аулап отыру керек. Ананың әрбір  талпыныс, ынтасын қанаттандырып, қолдап отыру керек.

- «Қам жеме, алдағы толғақта тағы бір байқап көреміз. Ақылдым  менің, жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді... »  – деп, ана толғата алмай  жатса қолдап, мақтап отыру керек. Ана қиналып жатқан кезде көңілін аулай білу  керек: әңгімені болашақтағы бақытты шақтарға бұрып, қызықтыра біліп, аман-есен  босанған соң балаларымен қалай қыдыратындарын, оны қалай еркелетініндерін  айтып, қазір де балаларының жарық дүниеге шыққысы келіп тырысып жатқанын  әңгімелеп, қиын сәттерде қолдай білу керек.

- босанар әйелді арасына бір сағат салып әжетханаға апару, оған  әжетханаға баруды есіне салып тұру, өйткені әйел босанар алдында қуығы толып  тұрса да оны сезбеуі мүмкін.

- сағатты санап отыру. Секундтық тілі бар сағатты немесе  таймерді алып әр толғақ басталған сайын: «10, 20, 30, 40, 50 секунд, демал» -  деп уақыт санап отыру қажет. Кейбір әйелдер белгілі бір уақыт аралығында  толғаққа төзімді келеді. Ал кейбіреулерге бұл мүлдем ұнамауы мүмкін.

- күш-қуатыңызды сақтаңыз. Толғақ-толғақтың арасында әйел  демалған кезде сіз де тыныс алыңыз. Бутерброд жеп, шәй ішіп әл шақырған жөн.  Босану  кезінде  ана мен бала, олардың көмекшілері де орасан күш-қуат  жұмсайды.